Көкшетауда танысын бауыздап өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда өзінің танысын бауыздап өлтірген күдіктіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сотта анықталғандай күдікті 1983 жылы туған К.Плюснин бұрын істі болған. Марқұмның отбасымен араласып тұрған. Өзінің баспанасы мен тұрақты жұмысы болмаған. Қылмыс жасайтын күні, 2017 жылдың 3 маусымында түнгі сағат 22:30-дар шамасында танысының  пәтеріне масаң күйде келген. Пәтерде марқұммен қосылып ішімдік ішуді одан әрі жалғастырады. Осы пәтерде түнеп шығады. Күдікті таңертең ас бөлмесіне барып, графиннің қақпағын сындырып алады. Осы кезде марқұммен арада жанжал туады. Жандалдың соңы төбелеске ұласады. Соның салдарынан күдікті үй иесінің тамағынан орып жіберіп, денесін жарақаттап оқиға орнынан ізін суытады. Сонымен қатар, күдіктіден әйелдің жалпы, құны 688 мың теңге тұратын алтын сағаты, сырғасы тәрізді асыл бұйымдары мен басқа да жеке заттарын үптеп кетеді.

Кейін жедел іздестіру шарасы барысында полицейлер қанды оқиғаға қатысты 33 жастағы Көкшетау тұрғынын ұстайды.

Бүгін Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 99 бабының 1 бөлімі (адам өлтіру) және 188 бабының 1бөлімі бойынша (ұрлық) қылмыстар жасады деп айыпталған К.Плюснинге 11 жылға бас бостандығанан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар