Көкшетауда соғыс ардагерлеріне 250 мың теңге көлемінде жәрдемақы беріледі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 9 мамыр мерекесінде ардагерлерге 250 мың теңге көлемінде жәрдемақы беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылы ҰОС ардагерлеріне берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі өсіп отыр. Майданда қатысқан 24 ардагер 250 мың теңге көлемінде жәрдемақы алды. Сонымен қатар, Ленинград қоршауында болған тұрғындар, концлагерь тұтқындары, майданда қаза тапқан жауынгерлердің жұбайлары да ескерусіз қалмайды. Оларға бір реттік берілетін жәрдемақының жалпы көлемі 93 мың теңгені құрап отыр.

Көкшетау қаласында тұратын 1 814 тыл еңбеккерінің ішіндегі марапатталған  97-сінің есепшотына 20 мың теңгеден, ал қалғандарына  10 мың теңгеден аударылды.

Еске сала кетсек, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай ақтөбелік соғыс ардагерлеріне 300 мың теңгеден беріледі, ал елордалық ардагерлер 511 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмекке ие болады.

Соңғы жаңалықтар