Көкшетауда «Мұражайға жәдігер сыйла» акциясы өтуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Көкшетауда «Мұражайға жәдігер сыйла» акциясы өтуде, деп «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аталған акция шеңберінде қала тұрғындары көне жәдігерлерді мұражайға тапсыруда. Жыл басынан мұражай қоры 100 астам тарихи құнды жəдігерлерге толыққан. Олардың арасында өте сирек кездесетін тұрмыстық заттар бар. Соның бірін, «Мотылек» шабадан арбасын қала тұрғыны Анар Елемесова Көкшетау қалалық тарихи мұражайына тапсырды.
null
Аталған мұражайдың бөлім басшысы Айнаш Сəдуақасованың айтуынша,  ыңғайлы шабадан арба  1960 жылы шығарылған. Бұл салауатты өмір салтын ұстанған ата-аналарға, қоғамдық көліктерде, метро жəне таза ауа аясына демалуға шығуға арналған. Сол кездегі оның бағасы 40 рубль тұрған. Оның өзі тек қалталы, жағдай бар адамдар ғана сатып алатын болған.
Жалпы, акция басталғаннан бері көне Қазақстан тарихы мен бүгінгісінен сыр шертетін материалдық, рухани заттар көптеп əкелінуде. Олардың ішінде археологиялық және этнографиялық экспедиция кезінде алынған дүниелерде бар.
Осы күні акция одан əрі жалғасуда. 

Соңғы жаңалықтар