Көкшетауда көпқабатты үйдің шатырында жүгірген жастар анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  - Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдің шатырында жүгіріп, кейін бейнежазбаны әлеуметтік желіге салған жастар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша бейнежазбаны түсіргендер Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері 1997-2000 жылғы қыздар және №17 орта мектептің 11-сынып оқушысы.

«Тексеріс барысында жастардың бейнароликті 1 сәуірде кешкі сағат 19:00-дерде Көкшетаудағы Абылай хан көшесінің бойында орналасқан №16 тоғыз қабатты тұрғын үйдің шатырында түсіргені анықталды. Олар бейнероликті жеке мақсатта пайдалануға тырысқан. Алайда, бейнероликтің авторы жасөспірім оны өзінің «Инстаграм» әлеуметтік желісіне салған», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлер жастармен және олардың ата-аналарымен сөйлесіп, келешекте ондайға жол берсе жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертті. Сонымен қатар, пәтер иелері кооперативіне үйдің кіреберісіндегі баспалдақты жөндеу және бөтен адамдардың шатырға шығуына жол бермеуге шақырды.

Еске сал кетейік, жақында әлеуметтік желіде Көкшетаудағы зәулім үйлердің төбесінде серуендеп жүрген жастардың видеосы тараған еді. Монтаж арқылы әсем ән жазылған видео жұртшылықтың назарын бірден аударды. Өйткені жас жігіт-қыздар көпқабатты үйлердің үстінде ойнап жүріп, тіпті секіреді. Видеоға пікір жазған пайдаланушылар бұлай ойнау қауіпті екенін ескертіп, жастардың әрекетін қатаң сынады.

Публикация от Кокшетау | Акмолинская область (@kokshevideogram) 13 Апр 2018 в 4:03 PDT

Соңғы жаңалықтар