«ҚМГ» 2017 жылдың 1 тоқсанында 97 млрд теңге таза түсім алмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» 2017 жылдың 1 тоқсанында 97 млрд теңге таза түсім алуды жоспарлауда. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның вице-президенті-қаржы директоры Дәурен Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдын ала қорытындыға сәйкес 2017 жылдың 1 тоқсанындағы түсім 97 млрд. теңгені құрайды деп күтудеміз. 2016 жылғы «ҚазМұнайГаздың» таза түсімі 306 млрд. теңгені құрап, республикалық бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдері шамамен 457 млрд теңге болды», - деді ол.

Вице-президенттің айтуына қарағанда, күрделі салымдар, оның ішінде Қашаған жобасына кеткен қаржы көлемі 624 млрд теңгеден асып түскен. Сондай-ақ ол «ҚазМұнайГаз» компаниясы 2014 жылдан бері өзінің қарызын 2 есеге төмендеткендігін баса айтты.

«Қазіргі уақыттағы оның деңгейі шоғырланған есептерге сәйкес 9,8 млрд. долларды құрайды. Төмендетуге біздің облигацияларымызды мерзімінен бұрын өтеудің, сонымен бірге Қашағандағы 50 пайыз үлесті «Самұрық-Қазына» қоры пайдасына сатудың арқасында қол жеткізілді»,-  деді Дәурен Қарабаев.

Соңғы жаңалықтар