КҚК мұнай құбыры жоспарлы тоқтатудан соң іске қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Теңіз-Новороссийск» магистральдық мұнай құбырын (ММҚ) жоспарлы түрде 56 сағатқа тоқтату шеңберіндегі жұмыстар аяқталғаннан соң құбыр арқылы мұнай айдау ісі қалпына келтірілді, деп хабарлайды Каспий құбыр концорциумының баспасөз қызметі.

null
Мұнай тасымалдау жүйесіне техникалық қызмет көрсету және Кеңейту жобасы аясында құрылысы салынған жаңа объектілерді қосу жұмыстары жүргізілді.  Бұл іс-шаралар магистральдық мұнай құбырының барлық нысандарында, оның ішінде мұнай айдау станциялары (МАС) мен Теңіз терминалында жүргізілді.   

Қазақстан Республикасында жаңадан салынған А-МАС-3А станциясын магистральдық мұнай құбырына қосу жұмыстары орындалды. Оның алдында МАС құрамындағы барлық қосалқы объектілер қауіпсіздік жөніндегі тексеруден сәтті өткізілді.  

 «Атырау» МАС-та ControlNet желілік басқару жүйесінің коаксиалдық сегменттерін кешенді қайта құру жүргізілді. Бұл жүйе КҚК-да 2001 жылдан бері қолданылуда, ол МАС пен КҚК Бас басқару орталығы (ББО) арасында негізгі және қосалқы технологиялық жабдықтардан ақпарат және басқару командаларын кепілді түрде жеткізуге арналған.

ControlNet желісінің аппараттық және бағдарламалық қамтуына жүргізілген қайта құру МАС-тарды басқарудың сенімділігін арттыруды және бүкіл құбыр жүйесін пайдалану қауіпсіздігінің деңгейін көтеруді мүмкін етеді.  
null 

КҚК мұнай тасымалдау жүйесін кеңейту аясында іске қосылған жаңа МАС-тардың барлық өткізу тораптарында құбырішілік тазартқыш және диагностикалық құрылғыларды автоматты түрде өткізу жұмысының логикасы тестілеуден өткізілді.

Жылдық бағдарламаны орындау шеңберінде ҚР «Теңіз» және «Атырау» МАС-тарында, РФ «Астраханская» және «Комсомольская» МАС-тарында жалпы саны 5 шарлы кран ауыстырылды.   

Соңғы жаңалықтар