ҚКФЛ фанаттардың агрессиясына қарсылық білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Кубогының финалынан кейін орын алған футбол фанаттарының бұзақы әрекеттерін шектен шыққандық деп есептейді. Бұл туралы ҚазАқпарат лиганың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жақында БАҚ және әлеуметтік желілерде таратылған жанкүйерді ұрып-соғу видеосы бұзақыларда адамгершіліктің жоқтығын дәлелдейді. Футбол адамдар мен аймақтарды біріктіріп, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесу керек» делінген лиганың таратқан мәлімдемесінде.  

ҚКФЛ Әкімшілігі Ақтөбе қаласындағы финалға қатысу үшін ұзақ сапар жасаған "Қайрат" және "Атырау" футбол клубтарының жанкүйерлерінің өз командаларын қолдаудағы жоғары деңгейін атап өтті.

ҚКФЛ-ның бұл ойы финалдық ойынға келген футбол сүйер қауымға Финалды ашу рәсімінде көрсетілді - стадионға мүмкіндігі шектеулі балалар шақырылды. Біздің ойымызша, футбол алаңы және маңызды ойындар - назар аудару қажет қауымға қолдау көрсетудің қоғамдағы платформасы.

Еске сала кетейік, Ақтөбеде атыраулық футбол фанаттарын соққыға жығып, ойын кезінде бейəдеп сөзді дронмен ұшырған адамдар іздестіріліп жатқандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар