Кішкентай Томиристің рөліне екі күнде 5 мыңнан астам өтінім түскен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кішкентай Томиристің рөлі үшін кастинг жарияланған екі күнде Қазақфильмнің пошта бөліміне бес мыңнан астам өтінім келіп түскен. Бұл туралы тарихи драма режиссері Ақан Сатаев өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің департамент екі күн ішінде бес мыңнан астам хат пен Томиристің балалық шағын сомдауға үміткерлердің фотосуреттері келіп түсті. Олардың арасында өзімнің де туыстарым, жақындарым, таныстарым мен достарым бар. Бір ғана айтарым, рөлдің бекітілуі жоба жетекшілігімен бірлесіп, әділ түрде жүргізіледі. Іріктеу нәтижесін міндетті түрде жариялаймыз. Түсіністік танытып, қолдау білдіргендеріңізге көп рахмет», - деп жазды режиссер.

https://www.instagram.com/p/BfbGveilrF_/?taken-by=akansatayev
null null 

Еске сала кетсек, өткен аптада «Томирис» тарихи фильмінде бас кейіпкерді сомдайтын актрисаның есімі анықталды. Басты рөлге 28 жастағы Психолог Коуч Әлмира Тұрсын бекітілді.

 

 

Соңғы жаңалықтар