ҚХР Елшісі Қытайдағы танымал қазақстандық тауарларды атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Қазақстаннан келетін тауар импортын ұлғайтуға дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екі ел арасындағы тауар айналымы тұрақты түрде өсіп келеді. Біз қытайлық тараптан Қазақстаннан келетін тауар импортын ұлғайтуға дайынбыз. Қазақстандық ұн, май және өзге де өнімдер Қытайдағы ең өтімді тауарларға айналды. Қытай халқы Қазақстан туралы көбірек біліп келе жатыр», - деді ҚХР елшісі ҚР Қарулы Күштерінің әскери-тарихи музейінде «Бүгінгі Қытай» фотокөрмесінің ашылу салтанатында.

Сонымен бірге, елші екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытудың болашағы зор екенін атап өтіп, қытайлық инвесторлардың Қазақстанға келіп, бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.

Бұған дейін 2017 жылды түйіндеген ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 11 ай ішінде Қытайға экспорт көлемі 34,9%-ға артқанын мәлімдеген еді.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұржан Әлтаевтың хабарлауынша, Қытаймен  арада балық өнімдерін, асыл тұқымды жылқылар, мұздатылған қой еті, бал, бидай, соя бұршақтарын экспорттау бойынша хаттамаларға қол қойылған.

Соңғы жаңалықтар