КХДР Оңтүстік Кореяның экс-президентін сырттай өлім жазасына кесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хе мен оңтүстіккореялық барлаудың бастығы Ли Бен Хоны сырттай өлім жазасына кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.

Пхеньян оларды Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ынді өлтірді деп айыптауда.

Пхеньянның мәлімдемесінде осы уақыттан бастап Пак Кын Хе мен Ли Бен Хоға аяушылыққа үміттенбеуіне болатыны туралы айтылған. Онымен қоса, Солтүстік Корея халықаралық заңнамаларға сәйкес күдіктілерді өздеріне беруді талап етіп отыр.

«АҚШ пен оның Оңтүстік Кореядағы жандайшап күштері КХДР-дің жоғары басшылығына қарсы қайтадан мемлекеттік терроризм жасамақ болса, соғыс кезінің заңдары бойынша сөз байласудың ұйымдастырушыларына, қатысушылары мен орындаушыларына жазаны алдын ала ескертусіз орындауға кірісеміз», - делінген Пхеньянның мәлімдемесінде.  

Еске салайық, Оңтүстік Кореяның парламенті өткен жылдың желтоқсан айында Пак Кын Хені биліктен шеттеткен болатын. Ағымдағы жылдың наурызында Конституциялық сот импичментті қолдап, оны президент лауазымынан түбегейлі босатты.

Ал 2017 жылғы наурыз айының соңында Сеул соты пара алды, өкілеттілігін  асыра пайдаланды, заңсыз қысым жасады және мемлекеттік құпияны жария етті деген айыппен бұрынғы мемлекет басшысын тұтқындау туралы санкция берді. Оған 14 тармақ бойынша айыптар тағылды .

Соңғы жаңалықтар