ҚХА жаңғырумен байланысты міндеттерді жүзеге асыруға атсалысуы тиіс - Әбдіқалықова

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХА саяси, экономикалық және рухани жаңғыру міндеттерін жүзеге асыруға белсенді атсалысуы тиіс. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында еліміздің Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылы ҚХА-ның барлық активі мен құрылымдары саяси, экономикалық және рухани жаңғыру міндеттерін жүзеге асыруға белсенді атсалысуы тиіс. Ассамблея алдында мынадай міндеттер тұр. Біріншіден, реформа - адам құқығын сақтау кепілінің тетіктері мен құқықтық мемлекет принциптерін күшейтеді. Ассамблея Конституция кепіл беретін адам және азаматтардың құқығы мен бостандықтарын бұзуға сеп болатын себептер мен шарттарды жою, заңнаманы жетілдіруге белсене қатысуы тиіс», - деді Мемлекеттік хатшы.

Екіншіден, ол заңнамалық, орындаушылық және сот билігі жұмысының жаңа форматын ескере отырып, ҚХА кеңесінің, Мәжілістегі және мәслихаттағы ҚХА-ның депутаттық корпусының, Ассамблеяның басқа да құрылымдары мен қоғамдық келісім кеңестерінің өзара іс-қимылының тиімді сызбасын әзірлеу керектігін баса айтты.

«Үшіншіден, бүгінде ұлт табысының факторы адамның, адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігімен байланысты. Заманауи қоғам мәдениетін қалыптастырудағы біздің үлесіміз азаматтардың білім деңгейін арттыруға бағытталған бастамалар мен бағдарламаларға қолдау көрсету болуы тиіс. Осы ретте ел Президенті ұсынған «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы айрықша маңызға ие бола түседі. Біздің замандастарымыздың шынайы өмір тарихы мен табысы өмірге деген объективті көзқарас үшін, еліктеуіміз үшін үлгі болуы қажет», - деді Әбдіқалықова.

Сонымен қатар ол Ассамблеяның латын әліпбиніе көшу қажеттігін түсіндіруде, бұл мәселеде бірлік пен келісімді қамтамасыз етуде өз үлесін қосуы тиістігін баса айтты.

null 

Соңғы жаңалықтар