Кейкі батырдың бас сүйегін жерлеу рәсімі қыркүйекте жүргізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кейкі батыр кесенесінің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы бүгін елордадағы «Сәтті» мейрамханасында Қостанай мен Торғай өңірінен шыққан белгілі азаматтардың басын қосқан кездесуде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1 ғасырға жуық уақыт бойы жат жерде сақталған Кейкі батырдың бас сүйегі елімізге оралды. Қазіргі уақытта кесенесінің құрылысы жүріп жатыр. Қыркүйек айында Амангелді ауданының аумағында, Арқалық қаласында Елбасының тапсырмасына сәйкес Кейкі батырдың бас сүйегін жерлеу рәсіміне байланысты бірқатар шара өтеді. Бұл шараларға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі басшылық жасауда. Оған бізде қатысудамыз. Жалпы кесене құрылысы аяқталуға жақын», - деді облыс басшысы.

Оның айтуынша, Қостанай мен Торғай өңірінен шыққан білікті дәрігерлер бүгінде ауылдарға барып, жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетуде. Ал тілші қауымы өскен өңірінің тыныс-тіршілігі жайында танымдық репортаждар жасаса, спортшылар туған ауылдарында спорттық шаралардың өтуіне мұрындық болып, жастарды спортпен айналысуына себепкер болуда.

«Арамызда «Астана Операның» басты солистерінің бірі Роза Нүркей Қостанай мен Арқалық қалаларында концерт беріп, түскен қаржының барлығын науқас балаларға көмек ретінде арнайы қорға аударды. Бұл да үлгі боларлық іс деп білемін», - деді Архимед Мұхамбетов.

Соңғы жаңалықтар