Кеудесіне тергеушінің аты-жөнін ойып жазған ақтөбелік шартты түрде жазаланды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Кеудесіне тергеушінің аты-жөнін ойып жазған Бауыржан Унерзак Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша айыпты деп танылды. Ол жазасын шартты түрде өтейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе қаласындағы түнгі клубтардың бірінде төбелес болып, сол топты ажырату үшін бардым» деген Бауыржан Унерзак тергеу қапасында отырып, прокурорлардың көмек сұраған болатын . Ақтөбе облыстық прокуратурасы тергеу кезінде заңсыздықтарға жол берілгенін анықтап, сот шешімімен айыпталушы үйқамаққа жіберілді. №2 Ақтөбе қалалық соты қылмыстық іске үкім шығарды. Бауыржан Унерзак Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша айыпты деп танылып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан шеттетілді. Сонымен қатар, ол жергілікті атқарушы органның нұсқауымен 100 сағат жұмыс істеуі тиіс. Б.Унерзак 306 мың теңге сот шығынын өтейді.

Іс материалына сүйенсек, Б.Унерзак 25 маусым күні достарымен түнгі клубқа барады. Сол кезде тағы бір топ қыдырып жүрген. Төбелес түнгі клубқа кіреберісте болып, Б.Унерзак бірнеше адамды ұрады. Сол кезде клуб жанына көлік келіп, төбелескен топты таратады. Осы сәтті пайдаланған жәбірленушілер оқиға орнынан қашып кеткен. Айыпталушы Бауыржан Унерзак өзіне тағылған айыппен келіскен жоқ. Ол түнгі клубқа жалғыз өзі барғанын, жанындағы адамдарды танымайтынын, далаға шыққан кезде төбелесіп жатқан топты көріп, жас жігіттерге араша түскенін айтты.

 

Соңғы жаңалықтар