Кеңес Рақышев Қазкоммерцбанктегі өз үлесін ұлғайтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазкоммерцбанк (ККБ) «Qazaq Financial Group» АҚ, Н. Сүбханбердинге, «Орталық-Азиялық инвестициялық компания» АҚ-ға тиесілі Банктің жай акцияларын олардың сатып алуы туралы өзінің ірі акционері К. Рақышевтен хабарлама алғанын хабарлайды.

ҚКБ баспасөз қызметі хабарлағандай, 2017 жылғы 15 маусымда  Қазақстан үкіметі (ҚР Қаржы министрлігі тұлғасында), ҚР Ұлттық Банк, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, «БТА Банк» АҚ, ҚКБ, К. Рақышев және «Қазақстан Халық Банкі» («халық банкі») арасында жасасқан шекті келісімшарттарға сәйкес, сондай-ақ Ұлттық Банк пен К. Рақышев арасындағы 2017 жылғы 15 маусымдағы ҚКБ 86,09%  жай акциясын сатып алу туралы жасасқан сатып алу-сату шарты аясында К. Рақышев мыналарды:

«Орталық-Азиялық инвестициялық компания» АҚ-дан - ҚКБ-ның 70 074 945 жай акцияларын;

Азамат Н. Сүбханбердиннен - ҚКБ-ның 47 800 962 жай акцияларын;

«Qazaq Financial Group» АҚ-дан  - акциялар және жаһандық депозитарлық қолхат нысанында ҚКБ-ның 223 922 790 жай акцияларын сатып алды.

Осы мәмілелердің нәтижесінде  К. Рақышевтің    ҚКБ-дағы тікелей үлесі      43,23%-дан 86,09%-ға дейін артты. «Qazaq Financial Group» АҚ, Н.Сүбханбердин және «Орталық-Азиялық инвестициялық компания» АҚ  Банк акционерлері құрамынан толықтай шықты.  

Соңғы жаңалықтар