«Қазына Капитал Менеджмент» жаңа Даму стратегиясын бекітті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы 8 қыркүйекте «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) Директорлар кеңесінің отырысы өтті, оның барысында 2014-2023 жылдарға арналған жаңа редакцияда ҚКМ-нің Даму стратегиясы бекітілді, деп хабарлады акционерлік қоғамның баспасөз қызметі.

Стратегия өңірдегі макроэкономикалық өзгерістер және private equity құралын дамытудың жаңа үрдістері мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның өзекті Даму стратегиясының, сонымен қатар ҚКМ-нің 10 жыл ішіндегі қызметіне жүргізілген талдау негізінде әзірленді.

Даму стратегиясын өзектендіру шеңберінде ҚКМ миссиясы жаңартылды. Миссия Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына көмек көрсету мақсатында Қазақстанда private equity инфрақұрылымын дамытуды қарастырады. Сондай-ақ ол үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес Қазақстанда private equity қорларының қоры түрінде дамудың бірегей институты болмақ.

Экономика өсімін қолдау үшін инвестициялардың қосымша көлемін тарту қажеттілігі, экономикалық дамуды ынталандырудың тұрақты ұзақмерзімді көзі ретінде private equity құралының басымдықтары және қаржыландырудың дәстүрлі көздерін шектеу, стратегиялық бағыттарды анықтау үшін негізгі алғышарттар болды.

Миссияны орындау үшін private equity құралдары арқылы ірі және орта бизнес сегментінде экспорт әлеуетін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, Қазақстанда private equity инфрақұрылымын дамыту, ҚКМ қызметінің тиімділігін арттыру секілді маңызды стратегиялық бағыттар әзірленді.

«ҚКМ-нің бекітілген 2023 жылға дейінгі Даму стратегиясының шеңберінде, ең алдымен, біз private equity құралдарын және инфрақұрылымдарын іске асыруды жоспарлаймыз, біз оларды еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға оң әсер етеді деп үміттенеміз», - деді «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басқарма төрағасы А. Достияров.

Соңғы жаңалықтар