KazSat-3 тағы бір ірі байланыс операторымен толықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық KazSat-3 байланыс және хабар тарату спутнигіне «Алма ТВ» сауда маркасымен «Алмател» АҚ қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Алма ТВ» HEVC стандартында хабар тарататын елдегі алғашқы оператор болып отыр. Аталған компрессия жүйесі арналардың санын көбейтуге, сапасы мен жарығын жақсартуға және Ultra HD, 4K арналарды трансляциялауға мүмкіндік береді», - деп хабарлады «Алма-ТВ» баспасөз қызметінен.

«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ 2004 жылы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес құрылды.

РҒБО мамандары KazSat орбиталық спутниктік тобының екі байланыс және хабар тарату ғарыш аппаратын қолданысқа енгізу жұмыстарын жүргізуде.

Алма-ТВ KazSat-3 спутнигінің 16-шы байланыс операторы болды. 

Соңғы жаңалықтар