«ҚазМұнайГаздың» жаңа вице-президенті тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының өндіру, барлау және мұнай сервисі жөніндегі вице-президенті болып Олег Карпушин тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Карпушин басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевқа тікелей бағына отырып, «ҚазМұнайГаздың» барлық компаниялар тобындағы барлау және өндіру бойынша жобаларға жауап беретін болады. Сондай-ақ Олег Карпушиннің құзыретіне бірлескен кәсіпорындардағы, ҚМГ бақылаушы пакеттерге ие кәсіпорындардағы, сондай-ақ барлау және өндірудің жаңа салаларындағы жобалар кіреді. Сонымен қатар оған «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС есеп беретін болады.  

Крапушин мұнай саласындағы еңбек жолын Ресейдегі Шлюмберже компаниясында, АҚШ пен Қазақстанда (Атырау) бастады. Сондай-ақ Сахалин Энерджи (Шелл мен Газпромның Алыс Шығыстағы бірлескен компаниясы) компаниясында қызмет етті.

2015 жылы Гаагадағы Шелл компаниясының бас кеңсесінде стратегиялық жоспарлау бойынша кеңесші болып тағайындалды. Кейін осы жылы НОВАТЭК компаниясының басқарма төрағасының орынбасары-өндіріс жөніндегі директоры болды. 

Соңғы жаңалықтар