«ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекетінде бензин қымбаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «ҚазМұнайГаз» жанармай құю стансысында Аи-92 маркалы бензиннің бағасы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ең көп сұранысқа ие отын Астанада ғана емес, Қазақстанның барлық қалаларында 5 теңгеге қымбаттады. Ендігіде оның бір литрі үшін бағасы 133 теңге тұрады. Бұған дейін оның құны 128 теңге болды. Аи-95 маркалы бензинді «ҚазМұнайГаздың» жанармай құю стансылары 145 теңгеден босатуда.

 Айта кетейік, Аи-92 маркалы бензині аталмыш жанармай құю стансысында соңғы рет 27 қазан күні бір литрі үшін 125 теңгеден 128 теңгеге қымбаттаған еді.

Еске салайық, 2015 жылдың қыркүйек айының  басында Қазақстанның монополияға қарсы органдары Аи-92 және Аи-93 бензиндерін мемлекеттік реттеуден бас тартқан болатын. 28 маусым күні дизельді отынның бағасын да еркіне жіберілгені белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар