«ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» ҚМГ-ға қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) қайта құрылды, ҚМГ-ға «ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» АҚ (ҚМГ- ҚӨМ) қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

ҚМГ ақпараты бойынша, ҚМГ- ҚӨМ-ді ұлттық компанияға қосу арқылы ҚМГ-ны өз еркімен қайта құру туралы шешімді 2017 жылдың 30 қарашасында екі компанияның акционерлерінің бірлескен жиналасында қабылдаған.

Акционерлер ҚМА - ҚӨМ акциясын жою, сондай-ақ ҚМА - ҚӨМ директорлар кеңесі мүшелерінің уәкілдіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім шығарды.

ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, ҚМА - ҚӨМ-нің мүлкі (құқығы мен міндеттері) ҚМГ-ға өтеді.

Соңғы жаңалықтар