«ҚазМұнайГаз» бекеттерінде АИ-92 талонмен сатылмайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин талон арқылы сатылмайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазір «ҚазМұнайГаз» желілерінде АИ-92 бензинінің бір айлық қоры жасалған. Оған қазақстандық зауыттардан жеткізілетін өнімдер қосыңыз. Осыған байланысты жанармай бекеттерінде бензиннің талонмен берілуіне ешқандай негіз жоқ», - деп хабарлады «ҚазМұнайГаз»

«ҚазМұнайГаз» ЖҚС желілерінде қазір 344 бөлшек өндірістік сату нүктелері бар. «ҚазМұнайГаз» желісі еліміздің 10 өңіріндегі 38 мұнай қоймасын қажетті өніммен қамтамасыз етіп тұр.

Еске сала кетейік, Nomad Oil ЖҚС 20 қаңтарда бензинді тағы да талон арқылы бере бастады.

Соңғы жаңалықтар