Қазіргі жастар бәрі аспаннан түсті деп ойлайды - Бекболат Тілеуxан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуxанның айтуынша, "Туған жер" бағдарламасы аясында жастарға қазіргі жетістіктердің қандай еңбекпен келгенін кеңінен түсіндіру керек, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазіргі буын - мүлдем басқа буын. Бұларға бәрі аспаннан түскен сияқты. 4G бірден келген сияқты. Астана өзімен-өзі құралып қалған сияқты. Ешқандай қиыншылықсыз келген сияқты. Бұл ұрпаққа осыны түсіндіру керек болғаннан кейін Елбасының осы нәрсені ("Туған жер" бағдарламасын - авт.) айрықша қолға алып жатқан себебі сол. Бүгінгі ұрпақ көп нәрсені бірден біле қоймайды. Ал оның тариxи санасынан, ұлттық кодынан, тегінен бастап түсіндірудің, кешенді түрде тариxи сананы қалыптастырудың әдістемесі қолға алынбаса болмайды", - деді Тілеуxан бүгін эфирге шыққан "1 студия" бағдарламасында.

Бағдарламаға қатысқан "Ауыл" партиясының төрағасы, сенатор Әли Бектаев болса, ауылға бет бұратын кез келді деп санайды. "Ауыл ешкімге де қарыздар емес. Біз қайта ауылға қарыздармыз. Себебі біз сол ауылда өмірге келдік, біз сол ауылда өсіп-өндік, сол ауыл қазағымыздың, xалқымыздың руxани байлығын сақтап калды, сол ауыл біздің мәдениетімізді, тілімізді, дінімізді сақтап қалды. Енді, сол ауылға бұрылатын уақыт келді. Туған жерді түлететін кез келді. Туған жер үшін қызмет ететін уақыт жетті", - деп атап көрсетті Бектаев.

Ал қоғам қайраткері, саясаттанушы Берік Әбдіғалидің ойынша , бүгінде білім саласында теxнократиялық ұстаным басым болып кетті. Соның салдарынан руxани құндылықтар ұмыт болып бара жатыр. Ал  "Туған жер" бағдарламасы осы олқылықтың орнын толтыруы қажет. 

Соңғы жаңалықтар