Қазгидрометтің 24 ақпанға арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 24 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде жауын жауып, тұман, көктайғақ болады. Тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында және солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Алматы облысының кей жерлерін түнде тұман басады, күндіз Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 17-22 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының тұман, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

 

Соңғы жаңалықтар