Қазғарыш төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі комитеті төрағасының орынбасары болып Мәлік Олжабеков тағайындалды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ҚАӨМ баспасөз қызметі хабарлағандай, М. Олжабеков байқау рәсімдерінен сәтті өтіп, өз міндетін орындауға кірісті.

Мәлік Олжабеков 30 жаста. Екі жоғары білімі бар. 2009 жылы ҚМЭБИ-ді аяқтаған.  Іскерлік әкімшілік және бухгалтерлік есеп бакалавры. 2014 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін аяқтаған. Құқықтану магистрі. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын 2010 жылы «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ-да менеджер ретінде бастады. ҚАӨМ-ге тағайындалғанға дейін «РЦКС» АҚ коммерциялық директоры болды.

«Қазір "Қазғарыш" спутниктік байланыс және хабар таратуға, Жерді қашықтықтан зондтау жүйелерінің өнімдері мен қызметтерін коммерциялауға бағыт алды. Жас, перспективасы бар басшыға осы бағытты дамыту тапсырылды», - деді Еркін Шаймағамбетов.

Соңғы жаңалықтар