«Қазфосфат» минералдық тыңайтқыштар жеткізу географиясын кеңейтеді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбылдық «Қазфосфат»  химиялық кәсіпорнында экспортқа шығарылған алғашқы 100 мың тонна тыңайтқыш осы жылы Аргентинаға жөнелтіледі, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Күнелту үшін сату, жаңа нарықты игеру, логистиканы дамыту қажет», - деді «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров. - Сондықтан жеткізу георгафиясы кеңейтілуде. Қытай, Польша, Румыния, РФ, Украина, Балтық жағалауынан басқа «Қазфосфат» ЖШС тыңайтқышты алғаш рет Аргентинаға экспорттай бастайды. Осы жылы 100 мың тонна жеткізуді жоспарлап отырмыз. Өткен жылы күзде Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округіне  40 мың тоннаға жуығы жөнелтілген. Бүгінгі күннің міндеті - кем дегенде тағы 100 мың тонна өтім сату керек».

Өткен жылы «Қазфосфат» ЖШС өзінің филиалдарының бірі - Минералдық тыңайтқыш зауытында экстракциялық фосфор қышқылы цехын салуды аяқтады. Бұл  ЭФҚ өндіруді екі есеге ұлғайтуға және 300 мың тонна көлемге шығуға мүмкіндік берді. Аммофос цехын жөндегеннен кейін 2018 жылы тыңайтқышты 500 мың тоннаға дейін  жеткізу жоспарлануда.

2016 жылы «Қазфосфат» қуаты 5 мың тонна фосфор-калий тыңайтқышы өндірісін және жылына 70 млн текше метр азот - ауа бөлу блогын іске қосты.

Осы жылдың аяғында Минералдық тыңайтқыш зауытында  2020 жылы көлемді бір миллион тоннаға жеткізу үшін аммофос өндіру цехын жобалау жоспарлануда. Өз кезегінде, Қаратау және Жаңатас фосфор кен орындарында кен өндірісі ұлғаяды. «Қазфосфаттың» басқа филиалында - Жаңа жамбыл фосфор зауытында бүгінде екі фосфор пеші жұмыс істейді. Маусымнан бастап үш пештік режімге көшу жоспарлануда. Еуропа, Америка, Үндістан нарықтарына өнім жеткізу, сондай-ақ қысқы кезеңге резерв құру жоспарлануда.

Облыстық әкімдікте 2017 жылы компания мемлекетке жеті млрд, осы жылы сегіз млрд теңгеге  жуық салық төлегенін атап өтті.

Химиялық өнеркәсіп қызметкері күніне орай зауыт жұмысшыларына  компания есебінен «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне 600 жолдама бөлінді, деп атап өтті облыс әкімінің баспасөз қызметінде.

 «Қазфосфат» ЖШС - Жамбыл облысының қала құрушы компаниясы. Онда негізгі өндірістік қуат шоғырланған. 1999 жылы құрылған химия кәсіпорындарында 60 мыңға жуық жамбылдық жұмыс істейді.

Өткен жылдары компания отандық химия саласының көшбасшысы атанды. Негізгі қазақстандық кәсіпорын  фосфоры бар өнімнің 20 түрін өндіреді.  Компания өнімі әлемнің 20-дан астам елдеріне жеткізіледі.

Соңғы жаңалықтар