Қазатомөнеркәсіп мамандары Франция кәсіпорындарында болып қайтты.

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазатомөнеркәсіптің бір топ жас мамандары ядролық отын циклының (ЯОЦ) барлық буындарына қатысатын әлмдегі санаулы компаниялардың бірі - Франциядағы AREVA Inc. компаниясының кәсіпорындарында болып қайтты.

Олар бір апта ішінде елдің жартысына жуығын аралап, француздық ЯОЦ-ның барлық буындарын көзбен көріп шықты. Пайдаланылған ядролық отынды өңдейтін, АЭС-ке арналған жабдықтар әзірлейтін, ядролық отын шығаратын, уран байытатын және конверсиялайтын, МОХ отын өндіретін зауыттармен танысты, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

- Мұндай тәжірибе алмасулар жас мамандарды жаңа идеялар ұсынуға, рационализаторлық және өнертапқыштық ұсыныстар енгізуге ынталандырады. Технологиялық тармақтардың ықшамдылығы ұнады, бәрі де бүге-шүгесіне дейін ойластырылған. Процестер компьютер арқылы бақыланады. Кей цехтарда адам мүлде жоқ, қажетсіз ешкім де кірмейді. Ал келесі бір нысандарда қорғаныс маскасынсыз жүреді, бұл қазіргі заманғы уран өндірісінің қаншалықты қауіпсіз екендігін аңғартқандай. Сондай-ақ, өндірістің экологиялық тазалығының дәлеліндей етіп зауыт аумағында тоғандар салған, оларда үйректер жүзіп жүргенін, жағасында жүгірген қояндарды көрдік, - дейді әңгімелейді Қазатомөнеркәсіп компаниясының ЯОЦ жобалар департаментінің менеджері Елдос Жармұхамедов.

Соңғы жаңалықтар