Қазақстанның үш кәсіби бокшысы Сергей Ковалевпен бірге жаттығып жүр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіби бокста Казақстанның намысын қорғап жүрген Мадияр Әшкеев (7-0, 3КО), Мейірім Нұрсұлтанов (1-0) пен Асхат Уәлиханов (1-1, 1КО) Лос-Анджелес қаласында жартылай ауыр салмақтағы экс-чемпион, ресейлік боксшы Сергей Ковалевпен (30-1-1, 26KO) бірге жаттығып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әлеуметтік желідегі «Қазақстанның кәсіби боксы» тобына сілтеме жасап.

«Айта кеткен жөн, Ковалев пен Қазақстан боксшыларының менеджері - Эгис Климас. Қазіргі кезде 28 жастағы Әшкеев кәсіби бокстағы сегізінші жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Сәуірдің 15-і күні ол Коннектикутте (АҚШ) американдық боксшы Шон Кэмеронмен (10-2, 5КО) кездеседі. Олардың жекпе-жегі бірінші орта салмақ дәрежесінде (154 фунтқа дейін - 69,9 келі) өтеді. Нұрсұлтанов пенУәлиханов та сәуір айында өз жекпе-жектерін өткізеді деген жоспар бар», - делінген топтың хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік Сергей Ковалев американдық боксшы Андре Уордтан ұтылып, жартылай ауыр салмақтағы WBA, WBO мен IBF белбеулерінен айырылған болатын.

Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сәйкес, Сергей Ковалев пен Андре Уорд арасындағы реванш маусымның 17-сінде өтуі мүмкін.

null

Соңғы жаңалықтар