Қазақстанның Ресеймен сауда айналымы қаңтар-ақпанда 4,7% артқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы қаңтар-ақпандағы Қазақстан Республикасының Ресеймен өзара саудасы $2,4 млрд құрап, 2017 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 4,7%-ға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстаннан Ресейге экспорт 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында 6,6% өсіп, $737,3 млн-ға жеткен.

РФ-ден Қазақстанға импорттау 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында 3,9% артып, $1,7 млрд құрады.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына 91,6% келеді.

 

Соңғы жаңалықтар