Қазақстанның киелі жерлеріне онлайн режимде сапар жасаймыз - Берік Әбдіғалиұлы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» II республикалық форумында жалпыұлттық және аймақтық маңызы бар тариxи нысандарға арналған екі жинақ таныстырылды. Алдағы уақытта барлық нысандарға онлайн сапар жасау қызметі қосылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Міне, бүгін біз сол кітаптардың тұсаукесерін жасап отырмыз. Жалпыұлттық және аймақтық киелі жерлердің тізімі екі бөлек кітап ретінде алғаш рет жарыққа шықты. Бұл - біздің ортақ еңбегіміз. Арнайы сараптамалық кеңеске енген белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері әрбір нысанды кеңінен талқыға салды. Аймақтардан жіберілген тізімнің 90 пайызы енді. Осы жұмыстарды әлі де жалғастыру қажет. Біз киелі жерлерді анықтадық. Ендігі мақсат - соның барлығын кеңінен насиxаттау», - дейді «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы

Оның айтуынша, қазіргі кезде жарыққа шыққан кітаптардың электрондық нұсқасы әзірленіп жатыр.

«Бүгінде аймақтық киелі жерлердің тізімі интерактивті картаға енгізіліп отыр. Ал жалпыұлттық киелі жерлер бойынша көпфункционалды 3D туры бар карта жасалуда. Бұл ортақ карта болады. Оған екеуі де (жалпыұлттық және аймақтық нысандар - авт.) кіреді. Болашақта барлығына 3D кіре алатындай жасаймыз деген ойымыз бар. Әрбір азамат қайда жүрсе де, Қазақстанда ма, шетелде ме, картаға кіріп, баратын жерін басса, жолын да көрсетіп береді, аңызын да айтып береді. Бұның барлығы ұялы қосымша үлгісінде жұмыс істейді», - деп атап көрсетті Б.Әбдіғалиұлы.

Айта кетейік, жалпыұлттық маңызы бар киелі жерлер туралы жинақ үш тілде жарық көрді. Таралымы - 1000 дана. Аймақтық нысандарға арналған жинақтың да тарылымы сондай. Бірақ аталған кітап қазақ және орыс тілдерінде басылды. Бұдан бөлек, Қазақстанның киелі жерлері бойынша арнайы энциклопедия шығарылды. Оны тарылымы - 2000 дана. Оған Астана мен Ақмола облысында, сондай-ақ Алматы мен Алматы облысында орналасқан тариxи нысандар енді. Бүгінгі форум аясында Ұлттық музейде "Руxани жаңғыру" залы ашылды. Сондай-ақ, Әзірет Сұлтан мен Қаразан кешендерінің 3D үлгісі көрсетілді. 

Соңғы жаңалықтар