Қазақстанның футболдан жасөспірімдер құрамасына бапкер тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның футболдан жасөспірімдер құрамасының (U17) аға жаттықтырушысы қызметіне Игорь Свечников тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше , Игорь Свечников 2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан жастар құрамасының (U21) аға жаттықтырушының көмекшісі қызметін атқарып келген. Бапкерге жасөспірімдер құрамасын жаттықтыруға тағы бір қазақстандық маман Иван Азовский көмектесетін болады. 

Отандық  маман футбол карьерасында «Химик», «Целинник», «Қайрат», «Металлург» (Магнитогорск) және «Жеңіс» командаларында ойнаған. Бапкерлік қызметінің көп бөлігін «Жеңіс», «Оқжетпес», «Жетісу», «Астана» және «Бәйтерек» клубтарында өткізген.

Айта кетейік, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U17) алдағы уақытта бірнеше халықаралық турнирге қатысады. Біздің футболшыларды 4-8 қыркүйек аралығында ҚР Президент Кубогы күтіп тұр. Ал, 19-25 қыркүйек аралығында Беларусь астанасы Минскіде 2018 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде сынға түседі.

 

Соңғы жаңалықтар