Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығын Қытай жоғары бағалайды - Елші

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй Қазақстан саясатына қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі елдің халықаралық арена мен өңірлік істердегі маңызды рөлін көрсетеді. Біз Қазақстанның әлемдегі бейбітшілікті қолдау мен ұлттық экономиканың дамуына қолдау білдіруін жоғары бағалаймыз. Көршілес мемлекеттер де, әлем елдері де Қазақстанның рөлін жоққа шығара алмайды. Барлығы қазақ халқының жетістіктеріне қызыға қарайды. Біз сіздерді құттықтаймыз», - деді елші ҚР Қарулы Күштерінің әскери-тарихи музейінде «Бүгінгі Қытай» фотокөрмесінің ашылу салтанатында.
null 

Дипломат Қытайдың Қазақстанның егемендігі, аймақтық тұтастығы, сыртқы және ішкі саясаты және тұрақтылығына қолдау білдіретінін атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Қытай - өзара құрмет, теңдік және өзара тиімділікке негізделген барлық тарап бойынша стратегиялық серіктестер.
null 

«Біз шекарамызды демаркациялауды толығымен аяқтадық - екі ел арасындағы достық шекарасы 1780 шақырымды құрады. Біз Қазақстанды ең жақын досымыз, туған бауырымыз және сенімді серіктесіміз деп қабылдаймыз. Арадағы қарым-қатынасты ортақ болашақ үшін құрып келеміз және достық алауын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге дайынбыз», - дейді Қазақстандағы ҚХР елшісі.

null null

Соңғы жаңалықтар