Қазақстанның барлық аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан территориясының барлық аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Бұрын хабарланғанындай, 19 наурыз күні Ақмола облысында жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады, боран соғады. Жел алдымен оңтүстік-батыстан, түнге қарай солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Астанада 19 наурыз күні таңертең және күндіз жауын жауып, көктайғақ болады, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан, кейін солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Дауыл соғу қаупі - 90-95 %.

19-21 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында жауын  жауып, күннің жылынуына байланысты еріген қар суы жиналып, шабындықтарға жайылу қаупі бар.

19-20 наурыз күндері Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында да жауын жауып, күннің жылынуына байланысты еріген қар суы жиналып, шабындықтарға жайылу қаупі бар.

19-21 наурызда Шығыс Қазақстан облысында күндізгі ауа температурасы бірте-бірте көтеріліп, жауын жаууы мұздардың еруіне, өзен арналарын сең бууына себеп болуы мүмкін; еріген қар суы жиналып, өзен суы шабындықтарға жайылу қаупі бар.

19-21 наурызда Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында жылы ауа температурасының сақталуы және жаңбыр жаууына байланысты су деңгейі көтеріліп, шабындықтарға жайылу қаупі бар.

19-20 наурызда Алматы және Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жауын-шашын болып, су деңгейі көтерілу қаупі бар.

Бұған дейін Қазақстанның 11 облысында су деңгейінің көтерілу қаупі бар екендігі туралы хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар