Қазақстанның автожолдары көктемгі су тасқынына әзірленуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ҰК» акционерлік қоғамы «Қазақавтожол» ЖШС-ның филиалдарымен және мердігер ұйымдармен бірлесіп, көктемгі су тасқыны кезінде Қазақстан жолдарының бұзылуын алдын алуға бағытталған шаралар жоспарын бекітті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атап айтқанда, автожолдар мен жасанды нысандарға зерттеу жүргізіліп, олардың нәтижесі бойынша шайылып кету қаупі бар учаскелер анықталды. Оларды алдын алу шаралары белгіленді», - делінген хабарламада.

Жол қызметкерлерінің ерекше назарына 496 қауіпті жер алынды. Олардың ішінде 345 шақырым жол, 936 су өткізу құбыры, 94 көпір, 9 плотина (алтауы - Қарағанды, екеуі - Шығыс Қазақстан және біреуі Ақмола облыстарында) бар.

 

Соңғы жаңалықтар