Қазақстанның ауыр атлеттері жаттығу жиындарына аттанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ауыр атлетикадан ұлттық құрамасы жаттығу жиындарына аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әйелдер құрамасы Алматы облысындағы «AIBA» академиясында жаттығады, ал ерлер құрамасы Шымкент қаласындағы «Арлан» спорттық жекпе-жек ойындары орталығына аттанды.

«Оқу-жаттығу жиындарына барлығы 30 спортшы қатысады. Олардың қатарында танымал ауыр атлеттермен бірге, өздерін республикалық және халықаралық ареналарда жақсы қырынан көрсеткен жас спортшылар да бар», - деп хабарлайды ҚР Ауыр атлетика федерациясы.  

Соңғы жаңалықтар