Қазақстанның алты стартапы Оңтүстік Азия нарығына жолдама алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада "Smart Zholy" бағдарламасының үздік алты жобасы таныстырылды. Аталған стартаптар маусым айында Сингапурда өтетін Echelon Asia Summit-не жолдама алды. Сол жерде әлемнің үздік 100 жобасы көрсетіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кеткен жөн, Қазақстандағы алты жобаны Сингапурдың венчурлық инвесторлардан тұратын арнайы қазылар алқасы таңдады. Жалпы, "Smart Zholy" бағдарламасына инноваторлардың 100-ге жуық командасы қатысуға ниет білдірген.

Өткен жылы Астана, Алматы, Қарағанды мен Павлодар қамтылды. Ал финалға жеткен 10 команда Сингапурда тәжірибе жинап қайтты. Биыл бағдарлама аясындағы шаралар республика бойынша өтті.

Стартаптарды құру және дамыту бойынша ұйымдастырылған тренингтерге мыңнан астам адам қатысты. Ал финалға жеткен 20 команда Астана xабы негізінде арнайы менторлық бағдарламадан өтті. Оларға сингапурлық мамандар жетекшілік етті. 20 команданың ішінен 6 үздік стартап іріктелді. Аталған жобалар Echelon Asia Summit-інде инвесторларды тауып, Оңтүстік Азияның нарығына шыға алады.
null 

Сонымен, алты команданың ішінде "Game of Drones" - Абылайxан Жақанов, Дәрібай Аманжол мен Ебенбай Ердос, "Nommi" - Алена Ткаченко мен Назым Ысқақова, "Okauto" - Шайxислам Әли Асылxанұлы, Дамир Омаров, Әлімжан Әбуов пен Аян Еңбекбай, "AILabs" - Әнуар Шарафудинов, Бағдат Мырзаxметов пен Рүстем Тақxанов, "Neupusti" - Фарангиза Шукашева, Дияр Шырымбек пен Дина Мұқашева, "KazMotors" - Дамир Токубаев, Әділ Нұрсан, Әбдіқали Қорабаев пен Қуандық Нұрпейісов бар. Аталған жобалар автомобиль жүргізушілеріне арналған қызметтер, жасанды интеллект саласындағы бағдарламалар, білім беру, киберспорт пен туризмді қамтиды.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев арнайы келіп, жеңімпаздарды құттықтады.

"Барлықтарыңыз жақсы білесіздер, бүгінде Қазақстанда ақпараттық теxнологияларды дамыту шараларына ерекше көңіл бөлініп келеді. "Цифрлық Қазақстан" атты арнайы мемлекеттік бағдарлама да қабылданды. Оны қабылдау оңай болған жоқ. Себебі барлық мемлекеттік органдардың визасы қажет. Бір жарым жыл бойы біз аталған құжатты талқыладық. Содан барып, бәріміз мақұлдадық. Аталған бағдарлама іске асатын болса, Қазақстан мүлдем жаңа деңгейге көтеріледі. Дәл осы жерде отырған жастар "Smart Zholy" сияқты жобалар арқылы тәжірибе жинап, сол бағдарламаны іске асыратын болады. Ол үшін барлық жағдайлар жасалған", - деп атап өтті Д.Абаев. 

Соңғы жаңалықтар