Қазақстанға Вьетнам парламентінің төрағасы алғаш рет келеді

None
None
БЕЙЖІҢ-ХАНОЙ. ҚазАқпарат  - 16-18 қыркүйекте Вьетнам Социалистік Республикасының  Ұлттық Жиналысының төрағасы (ВСР) Нгуен Тхи Ким Нган алғаш рет Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Бұл Вьетнам парламенті төрағасының екіжақты қарым-қатынас орнаған  25 жылдың ішіндегі бірінші  сапары.

Айта кеткен жөн, Нгуен Тхи Ким Нган Вьетнамда ел парламентін басқарған алғашқы әйел.

Қазақстанға сапары алдында вьетнамдық тараптың бастамасымен Нгуен Тхи Кимнің осы мемлекеттегі Қазақстан елшісі Бекетжан Жұмахановпен кездесуі өтті.

Жүздесу барысында ВСР Ұлттық жиналысының төрағасы Вьетнам мен Қазақстанның саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, туристік және өзге де салалардағы ынтымақтастықты дамытудағы жетістікті жоғары бағалады.

Өз кезегінде  Б. Жұмақанов, Қазақстан Вьетнамды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды саяси және экономикалық әріптесі ретінде санайтындығын мәлім етті.

Сондай-ақ, қазақстандық тараптың Вьетнам Ұлттық жиналысы төрағасының алдағы сапарының табысты болуына, екіжақты қарым-қатынастың дамуына бар күшін  жұмсайтындығын жеткізді.

Еске сала кетсек,2015 жылдың 27-31 наурызында Вьетнамға ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Қабибулла Жақыпов ресми сапармен барған еді. Ол ВСР Президенті Чыонг Тан Шангомен және сол кездегі Ұлттық Жиналыстың төрағасы Нгуен Шинь Хунгомен кездескен болатын. Сондай-ақ Вьетнамдағы ҚР Елшілігінің ашылу салтанатына қатысқан.

Соңғы жаңалықтар