Қазақстанға «Ежелгі Мысыр ескерткіштері» жеткізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық музейінде «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында «Ежелгі Мысыр ескерткіштері» атты халықаралық көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

 «Мысыр тарихы - көне тарих. Көне тарихпен көмкерілген көрменің ашылу салтанаты құтты болсын. Бұл көрме Мысыр тарихын кезең-кезеңімен таныстыратын экспонаттардан құралған. Мұндағы тарихи туындылар өткен дәуірден мол мағлұмат береді. Көрмедегі экспонаттар ежелгі дәуір адамдарының таным-түсінігін, мәдениетін, сол дәуірдегі қолөнер шеберлері туралы мол мәлімет береді. ҚР Ұлттық музейінде осы айда бірнеше халықаралық көрме өткізілді. Мұндай көрмелер халықтың таным көкжиегін кеңейтуге септігін тигізеді деп ойлаймын», - деп атап өтті ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова.

Көрмеге Тутанхамон топтамасынан бірегей заттар қойылды: жартылай асыл тастармен әшекейленген фараонның алтын жалатылған ағаш күймесі, жартылай асыл тастармен әшекейленген алтын жалатылған ағаш тағы, сыртқы саркофагы, сыйға берілген заттары бар қыздың мүсіні және жартылай асыл тастармен көмкерілген алтын жаға.

Сонымен қатар, Мысырдың бай тарихы династиялыққа дейінгі кезеңнен бастап орта ғасырға дейінгі аралықтағы әртүрлі тарихи кезеңдердің бұйымдары мен жәдігерлері көрініс тапқан. 

Мысыр Араб Республикасының Туризм министрлігі Халықаралық қатынастар бойынша бірінші вице-министрі Ахмет Шукри:  «Бұл көрме - Қазақстан мен Мысыр елінің бірлесе отырып жасаған үлкен шарасы. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың нәтижесінде қос халықтың өзара сыйластығы арта түседі деп сенемін. Болашақта халықтар достығы үлкен табысқа жеткізетіні сөзсіз. Бүгінгі көрме де осының нәтижесі», - деп өз пікірін білдірді. 

Соңғы жаңалықтар