Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының инвестициялық табыстары нарық конъюнктурасына тәуелді - БЖЗҚ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысы салымшылар арасында қалай үлестірілетіні жайлы «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Инвестициялық табыс салымшылардың шотына автоматты түрде аударылады. Валюта бағамдары есепке алына отырып барлық қаржы құралдарын автоматты түрде қайта бағалау күнделікті жүргізіліп отырады. Осылайша шартты зейнетақы бірлігінің құны анықталады. Егер салымшы күнделікті үзінді көшірме алып отырса, бір күні табысы артқанын, келесі күні төмендегенін аңғарады. Оның бәрі нарық жағдайына байланысты», - деп түсіндірді Нұрбүбі Наурызбаева.

БЖЗҚ мәліметтеріне сүйенсек, 2017 жылдың алғашқы үш айында таза инвестициялық табыс сомасы 51,5 млрд теңгені құраған. «2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында БЖЗҚ-дан төленген төлем сомасы 77 млрд теңгені құрады. Оның ішінде, сақтандыру ұйымдарына аударымдар 6 млрд теңге болды. Қазақстандықтардың жинақтарының жалпы сомасы 6,69 трлн теңгені құрады, оның 1,35 трлн теңгесі - инвестициялық табыс», - деп хабарлады Н. Наурызбаева.

Соңғы жаңалықтар