Қазақстандықтардың үздік шығармаларын БҰҰ-ның 6 тілінде шығару керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың үздік шығармаларын БҰҰ-ның 6 тілінде шығару керек. Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз мәдениетімізді бүкіл әлемген көрсетуіміз қажет. Қазақстандықтардың үздік шығармаларын оқуы, білуі үшін БҰҰ-ның алты тіліне аудару керек. Мәселен, М.Әуезовтың «Абай жолын», Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен терін» және басқа да шығармаларды аударуға болар еді», - деді Елбасы.

Мемлекет басшы бұл мәселені таяуда қаламгерлермен кездесуі барысында талқылағандығын, олардың қолдау көрсеткендіктерін баса айтты.

«Үздігін таңдау барысында проблеманың туындайтындығы да шындық. Өйткені, бізде жаман жазушы жоқ. Әрқайсысы өзінше ұлы. Осы ретте менің ойыма мына бір анекдот түсіп отыр. Сталинге келген Берия: «Жолдас Сталин, Шолохов қатты ішеді. Симонов қыдырымпаз», дейді. Сонымен қатар бірнеше жазушының атын атайды. Ал оған Сталин: «Жолдас Берия, менде басқа жазушылар жоқ қой», депті. Яғни, олар кім болса да біз комиссия арқылы әртүрлі этностардың өкілінің үздік шығармаларын іріктеп алуымыз және бүкіл әлемге көрсетуге тырысуымыз керек», - деді Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар