Қазақстандықтардың қай министрліктерде жұмыс істегісі келетіндігі белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова қазақстандықтардың қай министрліктерде жұмыс істегісі келетіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2 жыл бұрын Елбасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жариялады. Оның бірінші бағыты кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған. Ол жұмыс мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы түбегейлі жаңартудан басталды. Өзгерістердің басты мақсаты меритократия қағидаты бойынша іріктеу және мансаптық ілгерілеудің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету. Оны тәжірибеде іске асырып жатқанымызға 1,5 жыл өтті. Бүгінде оң өзгерістерді де байқаудамыз»,- деді ол.

Мәселен, оның айтуынша, мемлекеттік қызмет саласында қолға алынған реформаларды жүзеге асыра бастағаннан бері мансап жолын ең төменгі сатыдан бастаған мемлекеттік қызметшілердің саны 3 есеге өскен.

«Осы кезеңде мемлекеттік қызметке келген тұлғалардың саны 2559-дан 7706 адамға дейін артты. 2016 жылға дейін жұмыс өтілі жоқ кандидаттар диплом алған күннен бастап түрлі деңгейдегі лауазымдарға, оның ішінде өңірлерде басшылық буынға да үміткер бола алатын еді. Қазіргі уақытта мұндай мүмкіндік түбегейлі жойылды. Сонымен қатар бір бос орынға үміткерлер саны да 2 есеге артып отыр. Жүргізілген сараптама тартымды мемлекеттік органдардың қатарында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Сыртқы істер, Инвестициялар және даму, Білім және ғылым, Дін істері және азаматтық қоғам министрліктері бар екендігін көрсетті», - деді Айгүл Шаимова.

Соңғы жаңалықтар