Қазақстандықтар жылына қанша келі тәтті жейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар жылына адам басына шаққанда 18-20 келі кондитерлік өнім жейді. Мұндай ақпаратпен Алматыда өткен алғашқы Кондитерлер форумында сарапшы мамандар бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан кондитерлер қауымдастығының президенті Әлихан Талғатбек кондитерлік өнімдердің өтуі адамдардың әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты екендігін айтты.
null 

«Жағдайлары өте мәз емес болса адамдар карамель, печенье көп алады. Жағдайлары жақсы болса көбіне шоколад, кәмпит жейді. Кондитерлік сала адамдардың жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Сауда жүрмесе, аптап ыстық, жаз боп тұр деген сөз. Жауын жауса, тәтті жейтіндер көбейеді», - деді ол.

Жүргізілген талдауларға сәйкес, әр қазақстандық азамат 1 жылда 18-20 келі тәтті жейді.

Бүгінде отандық өндірушілер жылына 180 мың тонна өнім шығарады. Оның 120 мыңы ішкі нарыққа кетсе, қалғаны экспортқа бағытталады.

Соңғы жаңалықтар