Қазақстандықтар Конституция күні мен Құрбан айтта екі күн демалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаздың соңғы күндері мен күз айының басындағы жұмыс аптасы қазақстандықтар үшін үш-ақ күнге созылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конституция күні құрметіне - сәрсенбі,  ал Құрбан айтқа орай жұма күндері демалыс деп жарияланды.

Конституция күні жыл сайын 30 тамызда тойланады. 2017 жылдың мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, қазақстандықтар бұл мерекенің құрметіне сәрсенбі күні ғана демалады.

Биыл Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні 1 қыркүйек - жұмаға түсіп отыр. ҚР Еңбек кодексінің 84-бабы, 5-тармағында Қазақстандағы діни мерекелер жұмыс режімі мен ауысым кестесінен тыс демалыс деп көрсетілген.

Осылайша, дүйсенбі, сейсенбі және бейсенбі әдеттегі жұмыс күні болса, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі - демалыс. 

Соңғы жаңалықтар