Қазақстандықтар доллар сатып алуды азайтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда валюта   сұранысқа иелігін жоғалтуда. 2017 жылғы қаңтар-наурызда айырбастау пункттерінде АҚШ долларын өткен жылға қарағанда, небәрі  1,2 пайызға көп сатып алған, - деп хабарлады ranking.kz.

Наурызда доллар сату  $695,9 миллион доллардан 756,1 млн долларға дейін артты. Жыл басынан бастап халыққа доллар сату көлемі сатып алудан 1,5 есеге асты. Ал өткен жылы керісінше долларды 14 пайызға көбірек сатып алған.

2017 жылғы қаңтар-наурызда халық айырбастау пункттерінде $2,10 млрд АҚШ долларын сатып алған. Бұл 2016 жылғы қаңтар-наурыздағы көлемге қарағанда, 1,2 пайызға төмен. Бұл ретте қазақстандықтар айырбастау пункттеріне  2017 жылғы 3 айда 1,41 млрд АҚШ долларын сатқан. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, 2 есеге аз ($2,43).

Теңгеге шаққанда доллар бағамы жыл басынан бастап 333,3 теңгеден наурыз соңында 314,8 теңгеге дейін төмендеді. 2016 жылғы наурыздан 2017 жылғы наурыз аралығында сатылымның жоғары мәні өткен жылғы тамызда тіркелді  -  $972,3 млн, қарашада - $905,8 млн және желтоқсанда - $910,3 млн.

Соңғы жаңалықтар