Қазақстандықтар БАӘ-дегі раллидің супер кезеңінен өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстандық Astana Motorsports командасының квадрциклмен жарысушылары Abu Dhabi Desert Challenge ралли марафонының «Супер негізгі кезеңінен» сәтті өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жарыстың нәтижесі бойынша екінші кезеңге өтетін жарысушылар анықталуы тиіс болатын.

БАӘ спорт министрі мен авто-мото федерациясының президенті салтанатты шараны ашып, қонақтар арасында жарысты тамашалады.

Атап өтейік, ашылу салтанатына қазақстандық команданың өкілдері, соның ішінде ҚР Автомотоспорты федерациясының президенті Марат Абықаев болды.

«Астана» президенттік клубының құрамындағы қазақстандық команда үшін бұл сайыс - ешбір техникалық ақауларсыз өтті. Максим Антимиров қазақстандықтар арасында уақыт жылдамдығы бойынша үздік көрсеткішке ие болып, өз санатында төртінші орынды иеленді. Кирилл Солоха квадроциклшылардың бірінші ондығына іліксе, кейін Мергей Кистанов, Азамат Тілеулесов пен Тимур Байжиенов мәре сызығын кесіп өтті. 

null

null

Соңғы жаңалықтар