Қазақстандықтар 9 қыркүйекте өтетін жекпе-жектерді асыға күтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 қыркүйек күн өтетін жекпе-жектерді Алматы мен Астана тұрғындары қатар күтіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күні Алматыда аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Арман Оспанов кезекті айқасы үшін шаршы алаңға шығады. Ал Астана тұрғындары дәл осы күні Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Куктің жекпе-жегін тамашалайтын болады.

Қазір Қанат Исламның қарсыласы белгілі болса Арман Оспановтың қарсыласы әлі нақтыланбады.

Оспановтың айқасы  9 қыркүйекте сағат 18.00-де «Алматы Аренада» өтсе, Қанат Исламның бокс кеші Астанада «Сарыарқа» велотрегінде тура осы уақытта басталады.

Арман Оспанов қатысатын АСВ-69 турнирінде жалпы 12 жұп өнер көрсетсе, оның ішінде 7 қазақстандық жекпе-жек шеберлері сынға түседі. Олар: Асылжан Бақытжанұлы, Асу Алмабаев, Қаршыға Дәуітбек, Евгений Егембердиев, Бақытжан Несіпбек.

Ал Қанат Исламның бокс кешінде одан бөлек ешбір жеңіліп көрмеген 8 боксшымыз шаршы алаңға шығады. Олар: Жанқош Тұраров (21-0, 15КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0,2КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3КО), Әли Ахмедов (7-0,5КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5КО) және Нұрсұлтан Жаңабаев.

Соңғы жаңалықтар