Қазақстандық үш марафоншы Азия чемпионатына қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Марафоннан Қытайдың Дунгуан қаласында өтетін Азия чемпионатына қазақстандық үш марафоншы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының хабарлауынша, 26 қараша күні басталатын додада 15 елдің спортшылары бақ сынайды.

Ұйымдастырушылар таратқан мәліметке сәйкес қазірге дейін 22 ер, 15 әйел марафоншының қатысатыны нақтыланған. Олардың үшеуі қазақстандық спортшылар.

Дунгуанда Алексей Гусаров (Алматы), Дана Айдосова (Алматы) және Гүлжанат Жанатбек (Алматы облысы) өнер көрсетеді.

Алматылық Алексей Гусаров пен Дана Айдосова бапкері Сорокивскиймен бірге Ыстықкөлде екі оқу-жаттығу жиынын өткізді. Ал Гүлжанат Жанатбек ресейлік маман Лилия Шобуханың қарамағында дайындалды.

Осы үшеуінің арасында марафонға жүгіруден тек Гүлжанаттың ғана тәжірибесі бар. Гусаров бұған дейін орта қашықтыққа жүгіруден өнер көрсеткен, Айдосова, тіпті, спорттық жүріске мамандаған атлет. Бірақ жақында екеуі де ұзақ қашықтыққа жүгіруді таңдады.

Айта кетейік, марафоннан Азия чемпионатынан бірінші орынға ие болған спортшыға 10 мың, екінші орынға 5 мың, үшінші орынға 3 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалған.

Фото kazathletics.kz

 

Соңғы жаңалықтар