Қазақстандық теннисші қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан «Челленджер»  турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Александр Недовесов ширек финалда үндістандық Рамкумар Раманатанмен күш сынасып, қарсыласын  6:2, 7:5 есебімен қапы қалдырды. Енді ол жартылай финалда франциялық Кальвин Эмеримен (130) кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, жарыстың екінші айналымында Недовесов кореялық Юн Сон Чаннан- 6:4, 6:2 есебімен басым түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар