Қазақстандық теннисші Азияның бірінші ракеткасы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бүгін жарияланған WTA рейтингінде 34-орыннан 27-орынға көтеріліп, Азияның бірінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, Путинцева кеше Санкт-Петербор турнирінің финалында Франция елінің өкілі, 1993 жылғы Кристина Младеновичпен бақ сынасып, ұтылып қалған болатын. Алайда осы жарыстың финалына шыққаны үшін 70 мың АҚШ доллары мен қоса рейтингтік нәтижесін де біршама жақсартып алды.

Ал жаңа рейтинг бойынша тағы бір жерлесіміз Ярослава Шведова 46-орынға тұрақтаса, Зарина Дияс 166-орында тұр.
Әлемдік рейтингтің көшін АҚШ теннисшісі СеренаУильямс бастап тұрса, екінші орында германиялық Анжелика Кербер тұр. Үздік үшіткті Чехия спортшысы Каролина Плишкова түйіндеп тұр.

Соңғы жаңалықтар