Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан өткен Әлем чемпионатында «алтын» алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық зілтемірші Анатолий Савельев жасөспірімдер арасында ауыр атлетика спортынан Бангкокта өткен Әлем чемпионатында алтын алды, деп хабарлайды Sports.kz.

16 жасар қазақстандық 62 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. 

Екі жаттығудың қорытындысы бойынша, Савельев 281 (127+154) келіні көтерді. Екінші орынға 276 келіні бағындырған (126+150), қытайлық Юнбан Вэй қол жеткізді. Ал қола жүлде 267 келі көтерген (121+146) индонезиялық ауыр атлет Мухаммед Халим Сетиаванға бұйырды.

Соңғы жаңалықтар