Қазақстандық спорт жұлдыздары Атыраудағы қайырымдылық велошеруіне қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 сәуір күні Атырау қаласында Олимпиада чемпиондарының қатысуымен қайырымдылық велошеруі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.

«Санаулы күнен кейін, 30 сәуірде жергілікті кәсіпкер Ибрагим Акдрашевтың қолдауымен велошеру өткелі отыр. Велошеруге мыңнан астам адам қатысады деп жоспарлап отырмыз. Бұл шараға Олимпиада чемпиондары Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Илья Ильин келеді деп күтілуде», - деді Нұрлан Ноғаев өңірдегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуына арналған баспасөз мәслихатында.

Облыс әкімінің айтуынша, шара аясында қайырымдылық аукционы өткізіледі.

«Жиналған қаражаттың барлығы жақында құрылған велоклубтың материалдық, техникалық базасын жасақтауға және осы спортпен айналысамын деген балалардың қажеттілітеріне жұмсалады. Оған қоса, 80 балаға көмек көрсету жоспарланып отыр», - деді Н. Ноғаев.

Соңғы жаңалықтар