Қазақстандық өнімдер Ресейдің супермаркеттерінде сатыла бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 қазақстандық өндірушінің тауарлары Ресей супермаркеттерінде сатылымға түсті, деп хабарлайды «KAZAKH INVEST» баспасөз қызметі.

«Елбасы тапсырмасының 56.2 қадамы «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 қадамын» жүзеге асыру аясында «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ отандық өндірушілердің тауарларын Ресей Федерациясының ірі сауда орындарында саудалау жобасын іске қосты. Ресей дүкендерінің сөрелеріне отандық индустрияның басында тұрған 10 қазақстандық өнім өндірушінің тауарлары орналастырылды» - делінген хабарламада.

Бұл жобаны KAZAKH INVEST алғаш рет 2016 жылы іске қосқан. Ол кезде қазақстандық жетекші компаниялар Ресейдің «Мария-Ра» және «Кировский» аймақтық сауда желілеріне 42 тауар түрін ұсынған болатын.

«Ресейдегі қазақстандық тауарлар апталығы» акциясы Новосібір, Екатеринбург, Барнаул, Кемер, Томск және Новокузнецкте бір уақытта өтіп, отандық өндірушілердің тауарларын 900-дей сауда орындарында таныстыруға мүмкіндік туды.

Былтырғы жылы Қытай, Иран, Ресей сынды ірі нарықтарға бағытталған 3 шатырлы бренд құрылды. Олар: «Qazaq Organic Food», «KazMeat», «Halal Kazakhstan».

«Биылғы жылы отандық тауарларды Ресей нарығында сату мүмкіндігіне ие болу үшін KAZAKH INVEST Томск, Архангельск, Северодвинск және Новодвинсктен тағы да қосымша компаниялар тобының желісін қосты. Белгілі қазақстандық брендтер Ресейдің 1000-нан астам гипермаркеттері мен дүкендеріне ұсынылды», - делінген хабарламада.

«Ірі көлемді «Ресейдегі Қазақстан тауарларының апталығы» акциясы екінші жыл қатарынан мемлекеттің қолдауымен өтіп отыр. Көп жағдайда біз аймақтық телеарналарда жарнамалар ұйымдастырып, қалаларда, сауда орталықтарының ішінде билбордтар мен плакаттар іліп, аудиороликтер қосылады, қазақстандық өнімдердің дәмін татуға арналған көптеген акциялар ұйымдастырамыз. Осы жобаның арқасында ресейлік тұтынушылар қазақстандық тауарлардың сапасын бағалап үлгерді. Акция өткізілгеннен кейін сауда желілерімен жеткізу келісімшарттарының мерзімі ұзартылып, қазақстандық тауар Ресей нарығын сәтті жаулауда», - деді «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры Жәлел Болатов.

Жоба аясында Ресейдің сауда желілеріне 70-ке жуық тауар түрлері ұсынылды. Олардың қатарында, шырындар, шырынды сусындар, лимонадтар, ұн, макарон өнімдері, шәй, конфеттер және шоколадтар, майонездер, сондай-ақ әйел тазалығына арналған заттар бар.

Соңғы жаңалықтар